Жамбыл мен Алматы облыстарында болған екі ірі жол апатынан 10 адам қаза тапты

0
151

​Жеңіл көлік жүргізушілері жылдамдықты асырып жіберген.


Жамбыл мен Алматы облыстарында болған екі ірі жол апатынан 10 адам қаза тапты

Фото: «ҚазАвтоЖол»

ERNUR.KZ. 24 және 25 шілде күндері республикалық маңызы бар тасжолдарда екі бірдей ауыр жол-көлік оқиғасы болып, Toyota Alphard көлігіне қатысты апаттардан 10 адам қаза тауып, 4 адам жарақат алды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Бірінші апат: Toyota Alphard пен экскаватор соқтығысып, 4 адам қаза тапты

24 шілде күні сағат 09:40-та, Астана – Қарағанды – Алматы тасжолының 451-шақырымында, Жамбыл облысы Мойынқұм ауданына қарасты Қашқантеңіз стансасы маңында Toyota Alphard пен экскаватор соқтығысты.

Алдын ала деректер бойынша, жеңіл көлік жүргізушісі жылдамдықты асырған және қашықтықты сақтамаған, нәтижесінде жол бойымен алда келе жатқан арнайы техникаға соғылған.

Оқиға салдарынан 4 адам көз жұмып, тағы 2 жолаушы ауруханаға жеткізілді.

Екінші апат: Жол жөндеу техникасына соғылды – 6 адам көз жұмды

25 шілде күні сағат 10:15-те Алматы облысының Жамбыл ауданындағы KAZ-06 (Жайсаң – Қорғас) автожолының 81+500 шақырымында Toyota Alphard жол жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатқан техникаға қатты жылдамдықпен келіп соғылды.

Оқиға кезінде жолда 9 маман және 5 арнайы техника жұмыс істеп жатқан, уақытша белгілер толық орнатылған.

Алдын ала болжам бойынша, жүргізуші жүк көлігін оң жағынан озбақ болып, қоршалған аймаққа кіріп кетіп, трактормен соқтығысқан.

6 адам қаза тапты, оның ішінде біреуі – жол жөндеу қызметкері, тағы 2 адам жарақат алды.