Жамбыл облысы шаруаларының шығыны өтеледі – Смайылов

0
1 039

Ол Үкімет қаулы қабылдайтынын айтты.


Жамбыл облысы шаруаларының шығыны өтеледі – Смайылов

ERNUR.KZ. Үкімет отырысында Премьер-министр Әлихан Смайылов Жамбыл облысының шаруаларының шығыны өтелетінін айтты, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

«Біз бүгін Жамбыл облысының шаруаларына шығынды өтеу үшін Үкімет резервінен қаржы бөлу туралы қаулы қабылдаймыз. Қаржы министрлігі мен өңір әкімдігі облыстың зардап шеккен егіншілеріне төлемдердің тез арада жеткізуін қамтамасыз етуі тиіс», - деді ол.

Сондай-ақ Смайылов Көлік министрлігі мен Қазақстан темір жолы компаниясы астық таситын вагондармен уақытылы қамтамасыз етіп, теміржолдағы ұзын-сонар кезекті болдырмауы тиіс екенін айтты.

«Біздің міндетіміз – егінді сапалы жинап алуды қамтамасыз ету», - деді ол.

Еске салсақ, биыл Жамбыл облысында қуаңшылық салдарынан шаруалардың алқаптары күйіп, шығынға ұшыраған еді.