Жамбыл облысында адам қағып өлтірген жүргізуші сотталды

0
83

Марқұмның қызы сотқа сотталушыны кешіргенін айтты.


Жамбыл облысында адам қағып өлтірген жүргізуші сотталды

фото: Sputnik / Айсулу Жумагулова

ERNUR.KZ. Жамбыл облысында өлімге әкеп соққан жол апатына қатысты сот үкімі шықты, деп жазады sputnik.kz.
Тұрар Рысқұлов аудандық сотында абайсызда адам өліміне әкеп соққан жол қозғалысы ережелерін бұзу фактісі бойынша М.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.
Сот материалына сәйкес, 2025 жылдың шілдесінде сотталушы М. Батыс Еуропа – Батыс Қытай автожолында "Hyundai Elantra" маркалы автокөлікті басқара отырып, жол ережесін бұзып, реттелмеген жаяу жүргіншілер өткелінен өткен азаматты абайсызда қағып кеткен. Апат салдарынан жәбірленуші С. оқиға орнында көз жұмды.
"Сотталушының кінәсі тараптардың айғақтарымен, сарапшылардың қорытындыларымен және істің басқа да материалдарымен дәлелденді", - деп жазылған сот хабарламасында.
Тараптардың позициясы:
прокурор 2 жыл 6 ай бас бостандығынан айыруды сұрады,
марқұмның қызы сотқа сотталушыны кешіргенін айтты,
сотталушы М. кінәсін толық мойындап, жасаған ісіне өкініш білдірді.
Сот сотталушының кінәсін мойындауын және өкініш білдіруін, кездейсоқ жағдайлардың салдарынан бірінші рет қылмыс жасауын және жәбірленушілердің оны кешіруін жеңілдететін мән-жайлар ретінде қарастырды.
Сот үкімімен М. ҚК 345-бабының 3-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, оған 5 жылға көлік құралын басқару құқығынан айыра отырып, 2 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы кесілді.

Үкім заңды күшіне енді.