Бұл туралы "ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясы хабарлады.
Фото: pixabay.com
ERNUR.KZ. Жамбыл облысында ауа райының күрт нашарлауына байланысты республикалық маңызы бар автожолдың бір бөлігінде көлік қозғалысына шектеу қойылды, деп жазады inbusiness.kz.
Компанияның мәліметінше, 16 қаңтар күні сағат 09:10-нан бастап "РФ шекарасы – Мартөк – Ақтөбе – Қарабұтақ – Қызылорда – Шымкент – Тараз – Қордай – Алматы – Қорғас – ҚХР шекарасы" бағытындағы Қордай асуының жаңа айналма жолының 159–238 шақырым аралығы (Кенен ауылынан Қайнар ауылына дейін) көліктің барлық түрі үшін жабылған.
Қазіргі уақытта көлік қозғалысы ескі Қордай асуы арқылы жүзеге асырылып жатыр.
Ал, жолды 2026 жылғы 17 қаңтар күні сағат 14:00-де ашу жоспарланған.


