Жамбыл облысында өрттен 13 баласы бар отбасы баспанасыз қалды

0
118

Ең кіші сәбиге небәрі үш апта болған.


Жамбыл облысында өрттен 13 баласы бар отбасы баспанасыз қалды

Фото: © istockphoto.com

ERNUR.KZ. Жамбыл облысында таңғы сағат бестің шамасында ірі өрт шығып, 13 баласы бар отбасы баспанасыз қалды, деп жазады Azattyq Rýhy.

Куәгерлердің айтуынша, алдымен үйдің сыртындағы шөп жанған. Одан кейін жалын шаруашылық құрылыстарға, соңында екіқабатты тұрғын үйге тараған.

«Оқиға орнында қатты гүрсілдер мен жарылыстар естілді, от өте тез жайылды», – дейді тұрғындар.

Өрт кезінде үйде барлық бала болған. Абырой болғанда, ата-ана барлығын дер кезінде эвакуациялап үлгерген. Қазір көпбалалы жанұя туыстарының үйіне көшірілді. Ең кіші нәресте небәрі үш апталық.

Оқиғаға қатысты Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаменті ресми мәлімдеме жасады.

«Өрт сөндірушілер келген кезде аулада орналасқан құрылыс пен екіқабатты үйдің шатыры өртеніп жатқан. Жалынның жалпы аумағы шамамен 100 шаршы метрді құрады. Өрт 6:57-де толық сөндірілді. Қаза тапқандар мен жарақат алғандар жоқ. Қазіргі уақытта өрттің шығу себебі анықталуда», – делінген хабарламада.