Сарбаз сол қолының саусақтарын темір затпен жарақаттап алған.
фото: Министерство обороны Казахстана
ERNUR.KZ. Жамбыл облысында сарбаз қолын жарақаттап алды, деп жазады sputnik.kz.
Құрлық әскерлерінің баспасөз қызметі хабарлауынша, оқыс оқиға 6 қаңтарда әскери міндетті орындау кезінен тыс уақытта болған.
"Гвардиялық гарнизонның әскери бөлімінде мерзімді қызметтегі қатардағы жауынгер казарманың сыртында таңертеңгі тексеру кезінде сол қолының саусақтарын темір затпен жарақаттады. Зардап шегуші тез арада әскери госпитальға жеткізілді, онда оған жедел медициналық көмек көрсетілді", - деп жазылған хабарламада.
Қазір сарбаздың жағдайы тұрақты және денсаулығына ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ. Сарбаз медициналық мамандардың бақылауында, дейді әскерилер.
Зардап шегушінің айтуынша, ол бұл әрекетті әскери қызметіне қатысы жоқ жеке себептермен жасаған.
Осы оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Арнайы комиссия оқиға орнына барды.


