Жаңа қаулы: Нұр-Сұлтанда карантин жеңілдеді

0
619

Ashyq жобасына қатыспайтын, қызметі жаңартылмаған немесе тыйым салынған нысандарға баруға шектеу сақталады.


Жаңа қаулы: Нұр-Сұлтанда карантин жеңілдеді

ERNUR.KZ. Нұр-Сұлтан қаласы бас санитар дәрігерінің жаңа қаулысы бойынша Ashyq жобасына қатыспайтын бұқаралық шараларға қатысуға тыйым салынды, деп жазады 24.kz

«Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары бұқаралық іс-шараларға, марафондар, спорттық, отбасылық, еске алу іс-шараларды қоса алғанда оның ішінде үйде банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар, еске алу шарасын өткізуге және оларға қатысуға, «Ashyq» жобасына қатысатын іс-шараларды өткізуді қоспағанда, сондай-ақ митингілер, шерулер, жиындар және тағы басқа ұйымдастыруға және қатысуға тыйым салынсын», - деп жазылған құжатта.

Сондай-ақ Ashyq жобасына қатыспайтын, қызметі жаңартылмаған немесе тыйым салынған нысандарға баруға шектеу сақталады. «Боулинг-орталықтарға, компьютерлік клубтарға, PlayStation клубтарына, бильярдқа, караокеге, батуттарға, түнгі клубтарға, букмекерлік кеңселерге және ойын клубтарына, оның ішінде лотерея ұтыс ойыны, жабық үй-жайлардағы балалардың ойын-сауық орталықтарына, балалардың ойын бөлмелеріне, ойын алаңдары мен аттракциондарына, оның ішінде спорттық объектілерде орналасқандардан басқа, мұзды және роликті сырғанақтарға бармау қажет», - деп жазылған қаулы мәтінінде.