Жаңа қаулы: жатақхана мен интернатта тұрудың тәртібі бекітілді

0
749

Жатқхана мен интернаттарда сақталуы керек шаралар бекітілді.


Жаңа қаулы: жатақхана мен интернатта тұрудың тәртібі бекітілді

ERNUR.KZ. ҚР Бас санитар дәрігері Ерлан Қиясовтың жаңа қаулысында жатақхана мен интернатта тұрудың тәртібі бекітілді, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

«Білім беру ұйымдарының интернаттары мен жатақханаларында тұру санитариялық қауіпсіздік шараларын сақтай отырып, жобалық қуатқа сәйкес жүзеге асырылады», - деп жазылған құжатта.

Бас санитардың қаулысы бойынша, жатқхана мен интернаттарда мындай сақтық шаралары сақталуы керек:

Білім беру ұйымдарының интернаттары мен жатақханаларында бос уақытты және өзге де бұқаралық іс-шараларды өткізу тоқтатылады. Үй-жайлардың санитариялық өңделуіне және белгіленген өткізу режимінің қамтамасыз етілуіне бақылау күшейтіледі.

  • Интернаттар мен жатақханаларда бөгде адамдардың болуына жол берілмейді.
  • Интернаттың, жатақхананың әрбір қабаты жанаспайтын шашыратқыш диспенсерлермен немесе оларды қосымша құю үшін дезинфекциялау ерітіндісі бар санитайзерлермен жабдықталады.
  • Интернаттар мен жатақханаларда тұратын студенттер 14 күндік карантинге оқшауланған уақытта дүкендер мен дәріханаларға шығуды қоспағанда, тұрақты тұратын жерлерге немесе өзге де орындарға шығуына жол берілмейді.
  • Білім беру ұйымы жатақханадан шыққаннан кейін оралған білім алушының денсаулық жағдайына оралған күнінен бастап күнтізбелік 14 күн ішінде мониторинг жүргізеді.

Интернаттарда, жатақханаларда мынадай эпидемияға қарсы іс-шаралар жүргізіледі:

  • 1) білім алушылардың дене температурасының жоғарылауы немесе жіті респираторлық вирустық инфекцияның өзге де белгілері жағдайлары журналда тіркеледі;
  • 2) тәуекел топтарын ескере отырып, созылмалы аурулары бар білім берушілерге ерекше бақылау қамтамасыз етіледі.

Қаулының толық мәтінімен мына сілтеме арқылы танысуға болады.