Жаңа Конституция Брайль қарпінде жарық көрді

0
95

Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында Брайль қарпімен басылған Жаңа Конституция таныстырылды.


Жаңа Конституция Брайль қарпінде жарық көрді

ERNUR.KZ. Бұл бастама зағип және нашар көретін азаматтардың Ата Заңды оқуына мүмкіндік беріп, олардың құқықтарын қорғауға және қоғам өміріне белсенді араласуына ықпал етеді, деп хабарлайды ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі.

Жиын барысында қатысушылар Брайль қарпінде жарық көрген Конституцияның маңызына тоқталып, Ата Заңның баршаға бірдей қолжетімді болуы қоғамдағы теңдік пен әділет қағидаттарын нығайтатынын атап өтті.

Алдағы уақытта Брайль қарпімен басылған Конституцияның даналары өңірлердегі арнайы кітапханалар мен зағип және нашар көретін азаматтарға қызмет көрсететін мекемелерге жолданады.