Жаңа оқу жылында қазақстандық колледж студенттерінің шәкіртақысы 50%-ға өседі

0
283

Техникалық және кәсіптік білім беру саласында мемлекеттік тапсырыс көлемі де жыл сайын өсуде.


Жаңа оқу жылында қазақстандық колледж студенттерінің шәкіртақысы 50%-ға өседі

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес студенттердің шәкіртақысы жоспарлы түрде өсірілуде. Өткен жылдың қыркүйегінде 250 мың колледж студентінің шәкіртақысы 50%-ға өскен болатын, ал биылғы қыркүйекте енді 300 мыңнан астам студенттің шәкіртақысы тағы 50%-ға артады, деп хабарлайды ERNUR.KZ ҚР Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап.

Техникалық және кәсіптік білім беру саласында мемлекеттік тапсырыс көлемі де жыл сайын өсуде. Бүгінгі күні 145 мың грант бөлінген болса, оның 65%-ы техникалық мамандықтарға бағытталған.

Колледждердің материалдық-техникалық базасы да қарқынды түрде жаңаруда. 2024 жылдың 1 жартыжылдығының қорытындысы бойынша 104 колледждің білім беру инфрақұрылымы жақсартылды, бұл өткен жылдың көрсеткішінен екі есеге жоғары.

Сондай-ақ, 2103 орынға арналған 8 жатақхананың құрылысы жүруде. Бүгінде Павлодар және Түркістан облыстарында жалпы саны 259 орындық екі жатақхана пайдалануға берілді.