Бүгін Қазақстан Үкіметі отставкаға кетті.
ERNUR.KZ. Президент кеңесшісі - баспасөз хатшысы Берік Уәли Үкімет басшысын тағайындау рәсімі жөнінде пікір білдірді, деп жазады inform.kz.
Оның айтуынша, Конституцияға сәйкес Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Amanat партиясы ұсынған кандидатураны қарайды.
«Мемлекет басшысы ұсынылған кандидатураны мақұлдаған жағдайда, келісім алу үшін оны Парламент Мәжілісінің қарауына енгізеді. Мәжіліс келісім берсе, Президент жаңа Премьер-Министрді тағайындайды. Содан кейін Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрамын жасақтау процесі басталады», — дейді Берік Уәли.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, 7 ақпан күні Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтеді.
Бүгін Қазақстан Үкіметі отставкаға кетті.