Жаңа жылдан бастап зейнетақы өсе ме

0
151

Ұлттық экономика министрлігі алдағы жоспарымен бөлісті.


Жаңа жылдан бастап зейнетақы өсе ме

фото: Sputnik / Сергей Венявский

ERNUR.KZ. Қазақстанның ұлттық экономика министрлігі 2026-2028 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамын жариялады, деп жазады sputnik.kz.

Ведомствоның болжамынша, зейнетақы мен базалық төлемдер өседі:
ең төменгі зейнетақы 62 771 теңгеден 69 049 теңгеге дейін ұлғаяды;
базалық зейнетақы - 32 360 теңгеден 35 596 теңгеге дейін;
күнкөріс деңгейі 50 851 теңгеге дейін өседі.
Сондай-ақ министрлік келесі жылы Қазақстандағы зейнеткерлердің саны 2,6 миллион адамға жетеді деп олжап отыр.
2028 жылға қарай ең төменгі зейнетақы шамамен 78 мың теңгеге, ал базалық зейнетақы шамамен 40 мың теңгеге жетеді.
Орташа айлық жалақы 500 890 теңге болуы мүмкін, бұл 2025 жылғы көрсеткіштен 19%-ке жоғары.