Жаңадан салынып жатқан Талдықорған-Үшарал жолын су шайып кетті

0
822

Әлеуметтік желіде жолдың қақ ортасынан бөлініп, екі жағында автокөліктер тұрған видеолар тарап жатыр.


Жаңадан салынып жатқан Талдықорған-Үшарал жолын су шайып кетті

ERNUR.KZ. Қатты жауған жаңбырдан кейін ағынды су жаңадан салынып жатқан Талдықорған-Үшарал жолын шайып кетті, деп жазады inform.kz.

Әлеуметтік желіде жолдың қақ ортасынан бөлініп, екі жағында автокөліктер тұрған видеолар тарап жатыр. «Жігіттер, Сарқанға барар жол екіге бөлініп қалды, мынау деген масқара?! Жаңадан салынған жол», - дейді бейнежазба авторы.

Оқиға Сарқан ауданына жетпей, Ақсу ауданындағы Жансүгіров ауылынан кейінгі Еңбек ауылының маңында болған. Ақсу ауданы әкімінің баспасөз қызметі ақпаратты растады.

«22 мамыр күні сағат 16:45-те хабарлама түсті. Алматы-Өскемен республикалық маңызы бар жолдың 395-шақырымындағы Еңбек ауылының тұсында қалың жауын-шашын суы көпірді шайып кеткен. Құбыр тәрізді көпірдің диаметрі - 3,5 м, тереңдігі - 3 метр. Матай-Лепсі ауылдары арқылы айналма жол бар», - делінген Ақсу ауданы әкімі баспасөз қызметінің хабарламасында.