Жаңаөзенде қаңғыбас иттер қызға шабуыл жасады

0
688

Жәбірленуші ауруханаға жеткізілді.


Жаңаөзенде қаңғыбас иттер қызға шабуыл жасады

ERNUR.KZ. Жаңаөзенде 13 жастағы қызға қаңғыбас иттер шабуыл жасаған. Жергілікті блогер Ақмарал Байбоздың мәлімдеуінше жақын жерде оқиға куәгерлері көмекке асығып, жануарларды қуып жіберген, деп жазады Stan.kz.

Жәбірленуші ауруханаға жеткізілді.

“Балалар ғана емес, үлкендер де көшеге шығуға қорқады. Биліктен шара қолдануын сұраймын", — деді блогер.

2022 жылдың 2 наурызынан бастап Қазақстанда "Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы" заң күшіне енгізілген болатын. Жаңа ережеге сәйкес айықпас дертке шалдыққан немесе агрессивті иттерді ғана өлтіруге рұқсат етілсе, қалғандары міндетті түрде зарарсыздандыруға жатады.