​Жаңаөзенде лудоман өз-өзіне қол жұмсады (видео)

0
280


​Жаңаөзенде лудоман өз-өзіне қол жұмсады (видео)

Фото: Видеодан скриншот

ERNUR.KZ. Жантүршігерлік оқиға кеше сағат 17:30–да Жаңаөзен қаласы «Самал» шағын ауданы 28-ші үйде болған, деп жазады inform.kz.
Әлеуметтік желіде тараған ақпарат бойынша 33 жастағы тұрғын әйелімен болған жанжалдан кейін, дәлізге шығып, өз-өзіне қол жұмсап тамағын кескен. Содан кейін тұрғын үйдің 4-қабатынан секірген. Салдарынан екі аяғы сынып, ауыр жағдайда Жаңаөзен қалалық көп бейінді ауруханаға жеткізілді. Қазір жансақтау бөлімінде жатыр.


"Науқастың жағдайы ауыр, сан сүйегі, кеуде сүйегі сынған. Құлағаннан іш құрылысына зақым келген. Мойны мен иығында қиылған жаралар бар. Жарақаттардың салдарынан науқас қансырап қалған", — дейді аурухана директорының емдеу ісі жөніндегі орынбасары Марат Еділханов.
Маңғыстау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі Әйгерім Ибатуллаеваның мәліметінше, осы оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды.
— Оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін тергеу амалдары жүргізілуде. Алдын ала мәлімет бойынша жәбірленуші құмар ойындарға әуестенген. Тергеу жалғасуда, — дейді Әйгерім Ибатуллаева.