Жаңаөзенде төбеден құлап кеткен бала ауыр халде жатыр

0
1 087

Жаңаөзенде бала үйдің шатырынан құлап, басын тасқа соқты


Жаңаөзенде төбеден құлап кеткен бала ауыр халде жатыр

ERNUR.KZ. Жаңаөзен қаласында 7 жастағы бала үйдің шатырынан құлап, басын тасқа ұрды, деп жазады sputniknews.kz.

Ата-анасы ұлдарының үйдің шатырында ойнап жүргенін айтады. Кейін ол төрт метрлік биіктіктен құлап, басын тасқа ұрған.

Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметіне сәйкес, 2012 жылы туылған бала бас-ми және түрлі жарақаттармен Жаңаөзен қалалық ауруханасына шұғыл жеткізілген. Оның өмірін сақтап қалу үшін Маңғыстау облыстық ауруханасынан нейрохирург Ербол Кенжевалов арнайы келген.

"Жарақат алған балаға облыстық балалар ауруханасының нейрохирургы ота жасап, жарасын тікті. Алайда баланың жарақатына құм-топырақ түсіп кеткендіктен, жарасы іріңдеп, асқынып кетуі де мүмкін", - дейді нейрохирург.