Жаңаөзендегі газ өңдеу зауытында ірі өрт шықты (видео)

0
422

Өрт сөндірушілер бір сағаттан астам уақыт ішінде өртті сөндірді.


Жаңаөзендегі газ өңдеу зауытында ірі өрт шықты (видео)

ERNUR.KZ. Жаңаөзендегі газ өңдеу зауытының аумағында 17 маусымға қараған түні ірі өрт шықты. Өрт сөндірушілер бір сағаттан астам уақыт ішінде өртті сөндірді, деп жазады Sputnik.

Төтенше жағдайдың себебін анықтау үшін арнайы штаб құрылды. Өрт шыққаннан кейін тоқтатылған зауыт қайта істей бастады

Куәгерлер оқиғаны видеоға түсіріп үлгерген. Желіде тараған видеолардан қаланың түнгі аспанын басқан жалын мен қара түтінді анық көруге болады.

"Бас директордың айтуынша, "КазГПЗ" ЖШС аумағында компрессорлық цехта шамамен 980 шаршы метр жерде өрт болды. Қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ", - деп келтіреді Маңғыстау облысы төтенше жағдайдар департаментінің өрт сөндіру және құтқару жұмыстары қызметінің басшысы Назаралы Селимовтің сөзін inaktau.kz порталы.

16 маусым күні сағат 22:19-да өрт сөндіру қызметіне хабарлама түсті. Өрт сағат 23:02-де оқшауланды, 23:17-де толық сөндірілді.

Маңғыстау облысының қоғамдық коммуникация орталығында хабарланғандай, зауыттың жұмысы тоқтатылған жоқ.

Оқиға орнына Жаңаөзен қаласының әкімі Мақсат Ибағаров барды. Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін штаб құрылды.

Өртті сөндіруге 35 өрт сөндіруші, "Семсер-Өрт сөндіруші" ЖШС Жаңаөзен филиалының 16 қызметкері, он техника жұмылдырылды. Жұмысқа алты полиция қызметкері мен үш арнайы техника тартылды.