Қалай болса солай салынған жолдың бейнежазбасы әлеуметтік желіде тарап кетті.
ERNUR.KZ. Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласының тұрғындары жаңа салынған жолдың сапасына наразы, деп жазады sputnik.kz.
Қалай болса солай салынған жолдың бейнежазбасы әлеуметтік желіде тарап кетті. Бұған қатысты "Өзенмұнайгаз" мәлімдеме жасады.
Оның мәліметінше, Жетібай-Қарамандыбас-Жаңаөзен тас жолында жөндеу жұмыстарын "Akzhol-Story Industry" жүргізген. Жалпы 3,9 шақырым жол жөнделді.
"Жұмыстарды орындау және жол жағдайларын одан әрі тексеру барысында жолдың жоғарғы бөлігінде жарықтар пайда болғаны анықталды және мердігерге кемшіліктерді жоюды талап ететін хат жіберілді", - делінген ведомство мәлімдемесінде.
Жол сапасын тексеру бойынша "Жол активтері сапасының ұлттық орталығы" филиалына хат жолданған. Енді мердігер мекеме өз есебінен жолды қайта жасайтын болады.