Жанармай құю бекетінде шетелдікке шабуыл жасаған ер адамға үкім шықты

0
151

Ол пышақ қаруын заңсыз алып жүру және бұзақылық ниетпен кісі өлтіруге оқталу үшін кінәлі деп танылды.


Жанармай құю бекетінде шетелдікке шабуыл жасаған ер адамға үкім шықты

фото:Sputnik / Константин Михальчевский

ERNUR.KZ. Жамбыл облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты ресейлік байкерге шабуыл жасады деп айыпталған азаматты 11 жылға бас бостандығынан айырды, деп жазады sputnik.kz.
"Сотталушы елеусіз сылтаумен, бұзақылық ниетпен, тікелей қылмыстық ниетпен өлтіру мақсатында пышақ қолданып, жәбірленуші Я. есімді азаматқа арт жағынан келіп, оның арқасы мен кеудесінің оң жақ тұсынан екі батпайтын пышақ жарақатын салған. Жақын маңдағы адамдар сотталушыны ұстап қалған, жәбірленуші қашып үлгерген", - делінген сот хабарламасында.
Қылмыскер өз жоспарын "өзіне тәуелді емес себептермен" жүзеге асыра алмағаны көрсетілген.
Сондай-ақ сотталған азамат моральдық шығын үшін 500 мың теңге және материалдық шығын үшін 1,3 миллион теңге төлеуі керек.
Еске сала кетейік, 13 сәуірде Жамбыл облысындағы жанар-жағармай құю бекетінде күдікті ресейлік мотоцикл жүргізушісін бірнеше жерден пышақтап кетті.