Ауырып жатуға уақыты жоқ, қашықтықтан жұмысын жалғастыруда.
Алматы қаласының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин коронавирус жұқтырды. Бұл туралы санитар дәрігердің өзі мәлімдеді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
"Мен ауырып қалдым. Бірақ денсаулығым қалыпты, ауру белгілері байқалмайды. Бұл COVID-19, бірақ оның симптомсыз өтетін формасы. Ауырып жатуға уақыт жоқ, мен қашықтықтан жұмысымды жалғастырудамын", - деді ол.