Жандос Шаймарданов ҚР Президентінің жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының директоры лауазымына тағайындалды

0
111

Еркін Валитханұлы Тұқымов лауазымынан босатылды.


Жандос Шаймарданов ҚР Президентінің жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының директоры лауазымына тағайындалды

ERNUR.KZ. Мемлекет басшысының өкімімен Жандос Нұрланұлы Шаймарданов Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының директоры лауазымына тағайындалды.

Сонымен қатар Мемлекет басшысының өкімімен Еркін Валитханұлы Тұқымов Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының директоры лауазымынан босатылды.