Жәнібек Әлімханұлы мен Дензел Бентли ертеңгі айқас алдында көз арбасты

0
1 063

Алдағы айқаста Жәнібек орта салмақтағы WBO чемпионы белбеуін қорғайды.


Жәнібек Әлімханұлы мен Дензел Бентли ертеңгі айқас алдында көз арбасты

ERNUR.KZ. Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (12-0, 8 КО) мен британдық Дензел Бентли (17-1-1, 14 КО) жекпе-жек алдында салмақ өлшеп, көз түйістірді, деп жазады inform.kz.

Міндетті салмақ өлшеу процедурасынан кейін Әлімханұлы мен Бентли соңғы мәрте бетпе-бет кездесіп, көз арбасты.
Алдағы айқаста Жәнібек орта салмақтағы WBO чемпионы белбеуін қорғайды. Бұл - қазақстандық боксшы үшін бірінші титулдық жекпе-жек.
Айта кетейік, Top Rank промоутерлік компаниясы Ж.Әлімханұлы – Д.Бентли (17-1-1,14КО) жекпе-жегін ресми түрде жариялаған болатын.
«Жексенбі, 13 қараша күні Palms-тегі турнирде әлем чемпионы атағы үшін екі жекпе-жек өтеді», - деп жазды Top Rank Instagram-да.
Еске салайық, Жәнібек Әлімханұлы биылғы 22 мамырда британиялық Дэнни Дигнумды (14-0-1, 8 КО) екінші раундта нокаутқа түсіріп, WBO нұсқасы бойынша орта салмақта «уақытша» чемпион атанған еді.
Кейін Америка боксшысы Деметриус Андраде Ж.Әлімханұлымен міндетті жекпе-жектен бас тартты. Осыған байланысты, қазақстандық боксшыға «уақытша» чемпионнан орта салмақтағы WBO нұсқасы бойынша толық құқылы әлем чемпионы мәртебесі берілді.
Әлімханұлы – Бентли айқасы жексенбі, 13 қараша күні таңертең өтеді. Тікелей көрсетілім «Хабар» арнасында астана уақытымен сағат 08.00-де басталады.