Жапония жағалауында магнитудасы 5,3 болатын жер сілкінісі тіркелді

0
212

Цунами қаупі жоқ.


Жапония жағалауында магнитудасы 5,3 болатын жер сілкінісі тіркелді

фото: istockphoto.com

ERNUR.KZ. Жапонияның Кюсю аралының оңтүстік-шығыс жағалауында магнитудасы 5,3 болатын жер сілкінісі болды. Цунами қаупі жоқ, деп жазады baq.kz.

Бұл туралы сейсмикалық қызметтің міндетін атқаратын Жапонияның Ұлттық метеорологиялық басқармасы хабарлады.

Жер сілкінісінің ошағы мұхит түбінің астында, өте таяз тереңдікте орналасқан. Жерасты дүмпулері Кагосима және Миядзаки префектураларындағы үйлердің шайқалуына себеп болған. Алайда зардап шеккендер мен қираған нысандар туралы ақпарат жоқ. Көлік қатынасы қалыпты режимде жұмыс істеп тұр.