Жәнібекті шетелдіктердің асырап алуы: Ішкі істер министрлігі қылмыстық іс қозғады

0
452

Жәнібек Савельев өз анасын табу үшін Бельгиядан Қазақстанға келген.


Жәнібекті шетелдіктердің асырап алуы: Ішкі істер министрлігі қылмыстық іс қозғады

ERNUR.KZ. Өткен жылы шетелдіктер асырап алған қазақ баласы Жәнібек Савельевтің туған ата-анасын іздеп жүргені туралы хабар тараған болатын. Ішкі істер министрлігі қылмыстық іс қозғағанын мәлімдеді, деп жазады stan.kz.

Жәнібек Савельев өз анасын табу үшін Бельгиядан Қазақстанға келген. Оны кезінде шетелдіктер асырап, алып кеткен.

Сенат отырысында Ішкі істер бірінші вице-министрі Марат Қожаев бала асырап алу ісі тергеліп жатқанын айтты.

"Жәнібек Савельевті асырап алуға байланысты қылмыстық іс қозғалды. Қай уақытта, қандай себеппен шетелге кеткені белгілі болды. Ата-анасы іздестіріліп жатыр. Жәнібектің ісіне ұқсас нақты істер бар деп айта алмаймын. Мұндай жағдайлар жоқ", – деді Қожаев.

Еске салсақ, бұған дейін белгиялықтар асырап алған қазақ баласы Жәнібектің туған ата-анасын іздеп Қазақстанға келгені туралы жазған едік.

Кейіннен Жәнібек Савельев бельгиялық анасы Валериямен сұхбаттасып, желідегі оқырмандарының сұрақтарына жауап алған еді. Сол кезде әйел оны асырап алу үшін делдалға 12 мың доллар төлегенін айтқан болатын.