Жапаров киберқылмыс пен кибертерроризмді қауіпсіздіктің жаңа қатері деп атады

0
337

Садыр Жапаров жұма күні Бішкекке келген ТМД елдерінің арнайы қызметтерінің басшыларымен кездесті.


Жапаров киберқылмыс пен кибертерроризмді қауіпсіздіктің жаңа қатері деп атады

ERNUR.KZ. Киберқылмыс пен кибертерроризм әлемге үлкен қауіп төндіретін жаңа қауіпке айналып отыр, деп мәлімдеді Қырғызстан президенті Садыр Жапаров. Жапаров жұма күні Бішкекке ТМД қауіпсіздік органдары басшылары кеңесінің 54-ші отырысына қатысу үшін келген Достастық елдерінің барлау қызметтерінің басшыларымен кездесті, деп жазады sputnik.kz.

Ол қауіпсіздік саласындағы ең өзекті мәселе терроризм мен экстремизм екенін айтты.
"Соңғы уақытта жаңа террористік қауіптер пайда болды. Ең үлкен қауіп киберқылмыс пен кибертерроризм болып отыр. Бұл тұрғыда 2022 жылдың қазан айында Астана қаласында ТМД Мемлекет басшылары кеңесінің отырысы аясында әріптестеріммен бірлесіп қол қойған ТМД-ға мүше мемлекеттердің терроризм мен экстремизмге қарсы күрес бойынша 2023-2025 жылдарға арналған ынтымақтастық бағдарламасы маңызды рөл атқарады. Сонымен қатар өткен жылы Қырғыз Республикасының экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2023-2027 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы қабылданды", - деді Жапаров.
Жапаров арнайы қызмет басшыларының кеңесі "бүгінгі күні барған сайын кеңейіп жатқан экстремистік-террорлық қауіппен күресудегі маңызды құрылымдардың бірі" екенін айтты.
"Тұрақсыздық пен қақтығыстардың өсуімен сипатталатын әлемде болып жатқан өзгерістер, соның ішінде, осы жылдың 22 наурызында Мәскеу түбіндегі Крокус Сити Холлда көптеген адам құрбан болған қайғылы жағдай да арнайы қызметтердің рөлін арттырып, мемлекеттеріміздің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін олардың жұмысын жақсарту қажеттілігін көрсетті", - деді Қырғызстан президенті.
Бішкекте ТМД-ға мүше мемлекеттердің қауіпсіздік органдары мен арнайы қызмет басшылары кеңесінің отырысы өтіп жатыр.