Жапон Премьер-Министрін жерлеу рәсіміне 6 мыңнан астам адам қатысты

0
574

Министр Мұхтар Тілеуберді Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың және Қазақстан халқының атынан көңіл айтып, С.Абэның еліміздің жақын досы болғанын және екі мемлекет арасындағы өзара қарым-қатынасты нығайтуға қомақты үлес қосқанын атап өтті.


Жапон Премьер-Министрін жерлеу рәсіміне 6 мыңнан астам адам қатысты

ERNUR.KZ. Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Жапонияның бұрынғы Премьер-Министрі Синдзо Абэнің мемлекеттік жерлеу рәсіміне қатысу үшін Жапонияға жұмыс сапарымен барды, деп жазады inbusiness.kz.

"Синдзо Абэмен қощтасу рәсіміне 6 мыңнан астам адам қатысты. Оның ішінде Жапонияның жоғары лауазымды саясаткерлері, Парламент депутаттары және 200-ден астам ел мен халықаралық ұйымдардың шетелдік делегациялары бар" - дейді ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров.

Министр Мұхтар Тілеуберді Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың және Қазақстан халқының атынан көңіл айтып, С.Абэның еліміздің жақын досы болғанын және екі мемлекет арасындағы өзара қарым-қатынасты нығайтуға қомақты үлес қосқанын атап өтті. Отандық делегация басшысын Жапония Премьер-Министрі Фумио Кишида қабылдаған.

Сонымен қатар, сапар аясында Қазақстан СІМ басшысы Жапонияның Сыртқы істер министрі Ёшимаса Хаяшимен екіжақты кездесу өтті. Тараптар екіжақты ынтымақтастықты дамытуды талқылап, халықаралық ахуал мен сауда-экономикалық мәселелер бойынша пікір алмасты.

"Орталық Азия + Жапония" диалогы Сыртқы істер министрлерінің кеңесінің 9-отырысын желтоқсанда және Қазақстан-Жапония үкіметаралық және жеке секторлар арасындағы бірлескен комиссиясының 8-отырысын 2023 жылы ақпанда Токиода өткізуге келісті.