Бүгін Жапонияның солтүстік-шығыс жағалауында 7,4-7,5 магнитудалық жойқын жер сілкінісі тіркелді.
Фото: Reuters /Issei Kato
ERNUR.KZ. АҚШ Геологиялық қызметі эпицентрдің Мияко қаласынан шығысқа қарай теңізде, 35 шақырым тереңдікте орналасқанын хабарлады, деп жазады stan.kz.
Жапония метеорологиялық агенттігі жер сілкінісінен кейін цунами қаупі төніп тұрғанын ескертті.
Билік өкілдері толқын биіктігі 3 метрге дейін жетуі мүмкін екенін мәлімдеді. Ескертуге сәйкес, цунами Ивате, Аомори және Хоккайдо жағалауларында болу мүмкін.
Билік жергілікті тұрғындарды шұғыл түрде бұл жерден кетіп, биік жерлерге көтерілуге кеңес берілді. Жер сілкінісінің дүмпулері Токио қаласында да сезілді, ал Аомори өңірінде жоғары жылдамдықты пойыздардың қозғалысы уақытша тоқтатылды.
Қаза тапқандар мен зардап шеккендер туралы әзірге ақпарат түскен жоқ. Санаэ Такаити жедел әрекет ету тобын құруды тапсырды, ал компаниялар инфрақұрылымға келуі мүмкін залалдарды тексере бастады.


