Фельдшер алтын шынжырды ломбардқа өткізіп үлгеріпті.
Фото: Видеодан скрин
Алматыда медицина қызметкері жедел жәрдем көлігінде ес-түссіз жатқан науқасты жарты миллион теңгеге тонап кетті, деп хабарлайды ERNUR.KZ журналист Гүлмира Әбіқайдың facebook парақшасына сілтеме жасап.
"Масқара! Бұл оқиға Алматыда болды. Өзі ессіз құлап, жедел жәрдем көмегіне жүгінген науқастың алтын алқасын фельдшер шешіп алғанМұны кейін байқаған баласы полицияға арыз жазып, бейнекамераны көрсетуді талап етіп, ақыры ұры анықталады. Жедел жәрдем ішінде алқаны сыпырып жатқанын көріп тұрсыздар. Эххх… не дейміз, тексіз қайда жүрсе де, қандай мамандық иесі болса да тексіз! Айтпақшы, фельдшер алтын шынжырды ломбардқа өткізіп үлгеріпті.
Науқас аман-есен аяқтан тұрды, ал қарабет неге фельдшер жұмыстан босатылған. @almaty_gorzdrav жәй ғана босатпай емдеу мекемелеріне, науқасқа ешқашан жақындамайтындай қара мөр басу керек еді! Медицина қызметкері жанында адамдардың жоқтығын пайдаланып алтын алғаны шешіп алып, оны ломбардқа өткізіп жіберген", - деп жазады журналист.
“Аталған факті бойынша Түрксіб аудандық ішкі істер бөлімі қылмыстық кодекстің 188-бабы 1-бөлігіне сәйкес (Ұрлық) сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады. Сол күні фельдшер ұсталып, бейнежазба тәркіленіп, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілді”, – деді Түрксіб ауданы прокуратурасының бөлім бастығы Адлет Қуандықов.