Тиісті қаулы жобасы «Ашық НҚА» порталында жарияланды.
Фото: freepik.com
ERNUR.KZ. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 21 жасқа дейінгі жастарға несие беру кезінде есепке алынатын кіріс түрлері тізімін кеңейтуді жоспарлап отыр, деп жазады inform.kz.
Тиісті қаулы жобасы «Ашық НҚА» порталында жарияланды.
Несие рәсімдеуден бұрын банктер қарыз алушының төлем қабілетін оның кірісіне сүйене отырып бағалайды. Бұған дейін жас адамның кірісі ретінде оның жалақысы мен стипендиясы есепке алынатын. Енді банктерге дебеттік карталардағы толықтыруларды, оның ішінде туыстардан келіп түсетін аударымдарды да есепке алуға рұқсат беріледі.
— Бұл 21 жасқа толмаған азаматтардың дебеттік картаны толықтыру арқылы алатын кірістерін есепке алу мүмкіндігін беру үшін жасалып жатыр. Бұл ретте бірдей соманы қайталап есептеуге жол берілмейді, — деп жазылған түсіндірмеде.
Құжат 20 желтоқсанға дейін талқылауда болады.
Бұған дейін сарапшылар Қазақстандағы қарыздық жүктеменің салыстырмалы түрде төмен екенін, елде қаржылық тұрақсыздық қаупі жоқ екенін және несие алудың халыққа ауыртпалық түсірмейтінін айтқан болатын.