Жас педагогтерді іріктейтін цифрлық платформа іске қосылды

0
190

Платформада "Өрлеу" орталығының тестілеуінен сәтті өткен педагогикалық ЖОО түлектерінің электрондық портфолиолары қамтылған.


Жас педагогтерді іріктейтін цифрлық платформа іске қосылды

ERNUR.KZ. "Келешек мектептеріне" жас педагогтерді іріктеуге арналған цифрлық платформа іске қосылды, деп жазады baq.kz.

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы ұлттық жоба аясында салынған "Келешек мектептері" жаңа форматтағы мектептерге жас мамандарды жылдам әрі тиімді іріктеуге арналған құралы – career.orleu.edu.kz цифрлық платформасын іске қосты.

Платформада "Өрлеу" орталығының тестілеуінен сәтті өткен педагогикалық ЖОО түлектерінің электрондық портфолиолары қамтылған. 600-ге жуық жас педагог іріктеуден өтті.

Сервисте жас педагогтердің білімі, мамандығы мен тәжірибесіне қатысты мәліметтер жинақталып, электронды портфолио қалыптастырылады. Қазіргі таңда платформа тек "Келешек мектептері" директорлары үшін қолжетімді. Олар кандидаттарды өңірі, пәні, біліктілігі бойынша тиімді таңдай алады. Жүйе мемлекеттік дерекқорлармен кіріктірілген, бұл – мәліметтердің дәлдігі мен өзектілігін қамтамасыз етеді.

Платформаның негізгі мүмкіндіктері:

  • жас педагог туралы толық электронды карта;
  • директорлар үшін қауіпсіз кіру жүйесі (ЭЦҚ арқылы);
  • смарт сүзгі: нақты пән, өңір және мамандығы бойынша іздеу;
  • жұмысқа орналасқан түлектерді автоматты түрде есепке алу.