Жоба 2,3 миллионнан астам адамды қамтиды.
фото: Пресс-служба акима ЮКО
ERNUR.KZ. Қазақстанда газға қосылуға тез және дұрыс өтінім беруге көмектесетін жаңа Жасанды интеллект-агент іске қосылады, деп жазады sputnik.kz.
Вице-министр Қаныш Төлеушиннің айтуынша, бұл қателердің санын қолданыстағы 30%-дан 5%-ға дейін төмендетеді және техникалық шарттарды алуды жеделдетеді.
"Жобаны 2025-2026 жылдары іске асыру жоспарланып отыр, ол 2,3 млн-нан астам қазақстандықты қамтиды", - дейді Төлеушин.
Қазіргі уақытта газ саласында мемлекеттік қызметтердің 74 түрі ұсынылады. Олардың барлығы азаматтар мен бизнеске ыңғайлы болу үшін толық цифрландырылған.