Денсаулық сақтау министрлігінің дерегіне сәйкес 2023 жылы 18 жасқа толмаған 2105 қыз жүкті болды.
Фото: pexels.com
ERNUR.KZ. Қазақстандағы жыныстық сауат мәселесіне қатысты форумда акушер-гинеколог Айжан Төреханова жасөспірімдер арасындағы ерте жүктілік бойынша қай аймақтың көш бастағанын айтты, деп жазады stan.kz.
Маманның сөзінше, жасөспірімдер арасындағы жүктілік тек медициналық емес, әлеуметтік және экономикалық мәселе.
"Жастар үлкендерге еліктеп, жыныстық өмірін ерте бастайды. Қорғану әдістеру туралы білімнің аздығы да білінеді. Қазір жастардың 70% алғашқы жыныстық қатынасқа 15 жасқа дейін түседі. Отбасы мен білім беру орындарында жыныстық тәрбие берілмеген соң дұрыс сақтанбай, жүкті екендерін кеш біледі", – деді акушер-гинеколог.
Айжан Төреханова ата-ана мен өзгелердің сөзінен қорқып, өз мәселесімен жалғыз қалады дейді.
"Денсаулық сақтау министрлігінің дерегіне сәйкес 2023 жылы 18 жасқа толмаған 2105 қыз жүкті болды. Жүкті қыздар көбіне Түркістан, Маңғыстау мен Алматы облыстарында тіркелді. 18 жасқа толмай босанғандар саны 1420 қыз", – деп қосты Төреханова.