"Жастар заң білмейді": Тоқаев құқықтық сауатсыздықтың салдары жайлы айтты

0
442

Президент әшкі істер министріне жастармен жұмыс істеуді тапсырды.


ERNUR.KZ. Ведомствоның алқа жиналысында ол полицияның жоғары деңгейдегі өкілдері университеттерге, мектептерге барып, заңдарды жастарға түсіндіруі керектігін айтты, деп жазады sputnik.kz.

"Өкінішке қарай, біздің жастарымыздың арасында заң сауатсыздығы кеңінен таралған, басқа сөзбен айтқанда, жастарымыз заңды білмейді, заңды сақтаудың мән-маңызын түсінбейді. Ал мұндай құқықтық сауатсыздықтың салдары өте ауыр", - деді президент.
Оның айтуынша, қоғамымызда заң үстемдігі болуы керек, соның негізінде тәртіп болуы қажет. Полиция қызметкерлері осы қарапайым тұжырымдаманы халыққа, азаматтарға, әсіресе, жастарға жеткізуі тиіс.