Онкогинекологтардың сөзінше вакцинация 2 кезеңнен тұрады.
ERNUR.KZ. Жатыр мойны обырына қарсы вакцинация күзде басталады. 350 мың дозаны сатып алу үшін 9 млрд теңге қаражат жұмсалды. Бұл туралы адам папилломасы вирусына байланысты өткен республикалық жиында айтылды, деп жазады zakon.kz.
Онкогинекологтардың сөзінше вакцинация 2 кезеңнен тұрады. Жалпы 175 мың жасөспірім қыз бала егу көзделіп отыр.
Ресми дерек бойынша жылына 2 мыңға жуық әйел жатыр мойны обырына шалдығады. Оның 600-і дерттің құрбаны болады.
Сондықтан жатыр мойны қатерлі ісігін алдын алудың ең тиімді жолы екпе дейді мамандар.
"Олар онкологиялық ауру тудыратын вирустар негізі ұлттық егу күнтүзбесіне сәйкес егуге 11 жастағы қыздар жатады. Егу екі мәрте жүргізіледі. Бірінші доза күзде, екіншісі әрбір қызға 6 айдан кейін салынады. Иммунитет қалыптасады. Қорғаныш пайда болады."Нұршай Әзімбаева, ДСМ санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің басқарма басшысы