"Жауапкершілік болмаса, қала былтырғыдай мүлдем жабылады": Алматылықтарға ескерту жасалды

0
2 618

Соңғы 7 күнде ауру деңгейі 61,2 болды, репродуктивті саны R - 1,3. Кейінгі тәулікте КВИ-дің 360 жағдайы тіркелді.


ERNUR.KZ. Кейінгі тәулікте Алматыда коронавирус инфекциясының 360 жаңа жағдайы тіркелді. Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті алматылықтарды жауапты болуға шақырды, - деп жазады Tengrinews.kz.

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі жанындағы Республикалық арнайы мониторинг тобы төрағасының орынбасары Рафаэль Гасанов кәсіпкерлік субъектілерге қызметкерлер мен келушілердің денсаулығы үшін жауапкершілікті арттыруға шақырды.

"Карантин талаптарын жиі бұзатындар және мемлекеттің барлық қаулысы мен өтінімін қасақана бұзатын адамдарды, егер ол бизнес субъектісі болса, онда келушілер мен өз қызметкелері үшін жауап береді", - деді Рафаэль Гасанов және кәсіпкерлер мен қала тұрғындарын жауапкершілікті сезінуге, өз денсаулығына және айналасындағыларға қамқорлық жасауға шақырды.

"Қазір күрт өсу белең алғанын білесіз, Алматы бойынша тек бүгіннің өзінде 360 адам КВИ жұқтырған. Біз қызыл аймақта тұрмыз. Егер барлық санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтамайтын адамдардың жауапсыз әрекеттері жалғаса берсе, жағдай одан сайын күрделене түседі. Мен рестораторларды шақырамын және барлық кәсіпкерден мейрамханаларды ғана емес, сонымен қатар сауда орталықтарын, базарлардан мүмкіндігінше жауапкершілікті талап етемін, өйткені мұндай жауапкершілік болмаса, қала былтырғыдай мүлдем жабылады. Сондықтан бұған жол бермеу үшін барлығымыз санитарлық ережелерді қатаң сақтауымыз керек", - деді ол.

Ақпарат бойынша, соңғы 7 күнде ауру деңгейі 61,2 болды, репродуктивті саны R - 1,3. Кейінгі тәулікте КВИ-дің 360 жағдайы тіркелді.

Алматылықтарды туыстары мен жақындарының өмірі мен денсаулықтарын сақтап қалу үшін адамдар шоғырланатын шаралардан аулақ болуға, мүмкіндігінше қоғамдық орындардан бас тартуға, санитар нормалардың сақталуын күшейтуге шақырады.

Айта кетейк, қалада пандемия басталғалы 4188 тексеру іс-шарасы жүргізілді, 22 400 нысан қамтылды, карантин шараларын бұзған 4994 нысан анықталды. 2020-2021 жылдардағы тексеру шаралары бойынша заңды тұлғаларға (кәсіпкерлік нысандарға) қатысты 191,3 миллион теңгеге 566 хаттама жасалды. Карантин ережелерін бұзғаны үшін 40 нысан қызметін тоқтатты (100 АЕК айыппұлмен).