Әуе билеттерінің құны бір бағытқа 41 000 теңгеден басталады.
фото: Sputnik / Денис Асланов
ERNUR.KZ. Қазақстандық лоукостер FlyArystan Ақтау – Батуми – Ақтау бағыты бойынша жаңа халықаралық рейстің іске қосылатынын хабарлады, деп жазады sputnik.kz.
Рейстер 2026 жылдың 6 маусымында басталып, 29 тамызға дейін орындалады.
"Әуе кемелері аптасына екі рет – сейсенбі және сенбі күндері ұшады. FS7729 рейсі Ақтаудан сағат 09:05-те ұшып, Батумиге 09:55-те қонады. Кері бағыттағы FS7730 рейсі Батуми қаласынан 10:55-те ұшып, Ақтауға 13:40-та жетеді", - деп жазылған компания хабарламасында.
Әуе билеттерінің құны бір бағытқа 41 000 теңгеден басталады.
"Батумиге бағыттар желісін кеңейту жолаушыларға жазғы саяхаттар үшін ыңғайлырақ мүмкіндіктер ұсынуға жол ашады. Сонымен қатар, әуе компаниясы Қазақстанның бірқатар қаласынан Кутаиси бағыты бойынша рейстерді жыл бойы орындайды", - дейді "FlyArystan" АҚ президенті және бас атқарушы директоры Йохан Эйдхаген.
Бұған дейін әуекомпания Астанадан Батумиге рейстердің іске қосылатынын хабарлаған болатын. Бұл бағыттағы рейстер 2 маусымнан бастап аптасына екі рет – сейсенбі және сенбі күндері орындалады. 25 маусымнан бастап жиілік аптасына үш рейске дейін ұлғайтылып, бейсенбі күнгі қосымша рейс енгізіледі.


