Түрлі жарақат алған зейнеткер араға бір сағат салып көз жұмған.
ERNUR.KZ. Семейде жедел жәрдем көлігі қағып кеткен зейнеткер көз жұмды, деп жазады Алтайньюс.
Қайғылы оқиға 20-шы қазан күні сағат 18:25 шамасында Бозтаев көшесінің бойында болған. Жедел жәрдем қызметіндегілердің айтуынша, ол уақытта көлікте сырқат адам болған. Алайда, көліктің шамдары қосылып тұрғанымен, дауысы өшіп жатыпты.
- 1944 жылғы зейнеткер жаяу жүргіншілерге арналмаған жерден жолды кесіп өтпек болған сол уақытта жедел жәрдем көлігі қағып кеткен, - дейді полиция қызметкерлері.
Түрлі жарақат алған зейнеткер араға бір сағат салып көз жұмыпты.