Жедел-жәрдем қызметінің уақыты қысқарады

0
213

Денсаулық сақтау министрлігінің бұйрығы шықты.


Жедел-жәрдем қызметінің уақыты қысқарады

ERNUR.KZ. Енді науқастың созылмалы ауруы қозып, денсаулығына тікелей және ықтимал қауіп төнбесе түннің ортасында жедел-жәрдем шақыра алмайды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Ашық НҚА порталына «Жедел медициналық жәрдем, оның ішінде медициналық авиацияны тарта отырып көрсету қағидаларын бекіту туралы» бұйрықтың жаңа жобасы жарық көрді. Құжат 10 қазанға дейін талқыланады.

«Шұғылдықтың 4-санатына шақыртулар келіп түскен кезде ЖМК станциясының диспетчері автоматтандырылған басқару жүйесі арқылы шақыртуларды медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының (бұдан әрі – МСАК ұйымдары) мобильді бригадаларына олардың жұмыс уақытында (жұмыс күндері сағат 08:00-ден 18:00-ге дейін) береді. МСАК ұйымына қайта жіберілуге жататын шақыруларды тіркеу жұмыс күндері сағат 8.00-ден 18.00-ге дейін, сенбі күні сағат 8.00-ден 12.00-ге дейін жүзеге асырылады. Жеделдіктің 4 - санатын шақыру дегеніміз - пациенттің өмірі мен денсаулығына тікелей және ықтимал қатер болмаған кезде, ағзалар мен жүйелердің кенеттен және айқын бұзылуынсыз, жіті аурудан немесе созылмалы аурудың шиеленісуінен туындаған пациенттің жай-күйі», - делінген құжат сипаттамасында.