​Жедел жәрдем қызметкерлері шақыртуларға видеожетонмен баратын болады

0
187

Жедел жәрдем қызметкерлерін дөрекі әрекеттерден қорғау үшін видеожетон тәсілін енгізілмек.


​Жедел жәрдем қызметкерлері шақыртуларға видеожетонмен баратын болады

Фото: Мақсат Шағырбаев/ Kazinform

ERNUR.KZ. Бұл жайында Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Үкімет отырсынан кейін өткен баспасөз мәслихатында айтты, деп жазады inform.kz.

- Біз бүкіл шақыртуларды тіркейтін видеожетон тағу тәсілін енгіземіз. Сол үшін №225-бұйрық шығардық. Әкімдіктер осы бұйрық негізінде қажетті қаражат бөлу керек. Жыл аяғына дейін кезең-кезеңмен осы жұмысты жүргіземіз деп ойлаймын. Алматы да осы тәжірибені пысықтап көрдік. Бұл медицина қызметкерлерін де, кейбір дөрекі базбұзарларды да тәртіпке салады, - деді ол.

Бұған дейін Денсаулық сақтау министрлігі елдегі санитариялық автокөліктерді GPS навигациясымен жабдықтау 100 пайызға жеткенін мәлім еткен болатын.