​Жедел жәрдем жүргізушісін соққыға жыққан Түркия азаматы жазадан құтылды

0
1 002

Сот Түркия азаматы Али Демирді қылмыстық жауапкершіліктен босатты.


​Жедел жәрдем жүргізушісін соққыға жыққан Түркия азаматы жазадан құтылды

ERNUR.KZ. Сот Алматыда жедел жәрдем машинасының жүргізушісі Николай Кучманы соққыға жыққан Түркия азаматы Али Демирді қылмыстық жауапкершіліктен босатты, деп жазады Tengrinews.kz.

Алматы аудандық сотында отырыс өтті.
Али Демирдың адвокаты Николай Кучманың арызын оқып берді, онда ол Али Демирді татуласуға байланысты босатуды сұраған.

Еске салайық, мұның алдында Николай Кучманың Али Демирді кешіргені хабарланған еді. Сондай-ақ, жәбірленуші соттан істі өз қатысуынсыз өткізуді өтінген.