Бұл заң жобасын Парламент депутаттары әзірледі.
Фото: Әли Ғалым
ERNUR.KZ. Парламент Мәжілісінің қарауына «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жеке тұлғалар үшін лизинг енгізу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы келіп түсті, деп жазады inform.kz.
Бұл заң жобасын Парламент депутаттары әзірледі.
- Осы құжат аясында жеке кәсіпкер саналмайтын жеке тұлғаларға лизинг енгізу қарастырылған. Бұл өз кезегінде оларға автокөлік және жылжымайтын мүлік сияқты активтер алуға мүмкіндік береді, - деді Мәжіліс депутаты Татьяна Савельева.
Оның айтуынша, аталған құжат қабылданған жағдайда, азаматтардың қаржы қызметтеріне қол жеткізу мүмкіндігі артады.
- Мәжілістің Қаржы және бюджет комитеті бұл заң жобасы бойынша қорытынды әзірлеуге дайын, - деді депутат.
Еске салсақ, былтыр жеке адамдарға автокөлікті лизингке алуға мүмкіндік беретін құжат пысықталып жатқанын жазған едік.
Ұсынылған түзетулер халықтың шамадан тыс несие алу деңгейін төмендету және азаматтардың әлеуметтік әл-ауқаты, сондай-ақ банк секторының және жеке лизингтік компаниялар нарығының бәсекеге қабілеттілігін дамыту жөніндегі міндеттерді іске асыруға бағытталған.