Жеке тұлғаларға салықтық рақымшылық жасалады

0
1 323

1,5 миллион қазақстандықтың салықтық берешегі бар екен.


Жеке тұлғаларға салықтық рақымшылық жасалады

ERNUR.KZ. Ертең, яғни шілденің 16-сынан бастап жеке тұлғаларға салықтық рақымшылық жасауды көздейтін заң күшіне енеді, деп жазады inbusiness.kz.

Осы күні 1,5 миллион отандасымыздың салықтық берешегі бар екен. Қарыздың жалпы сомасы 20,9 млрд теңге, ал оның 6,6 млрд теңгесі айыппұл мен өсімпұл. Берешекке белшесінен батқандардың дені Шымкент қаласы, Түркістан және Жамбыл облысының тұрғындары екен.

Олар негізінен көлік, жер және мүлік салығын өтемей жүргендер. Осы тұста министрдің орынбасары салықтық рақымшылыққа кімдердің іліге алатынын да айтып берді. Сөзінше, салық бойынша негізгі қарызын өтегендердің айыппұлы мен өсімпұлы алынып тасталады.

Сонда олар таза қарыздарын ғана өтейді, ал мемлекет тарапынан салынған айыппұлдар бірден жойылады. Сондай-ақ салықты уақытылы төлемегені үшін сотқа немесе коллектрлық компанияларға ісі жолданған азаматтар да рақымшылыққа ілігеді. Бұл акция жылдың соңына дейін жалғасады.