​Желіде БЖЗҚ қоры атынан жалған ақпарат тарап жатыр

0
2 122

Өздеріңіздің жеке мәліметтеріңіздің құпиялығын қамтамасыз ету үшін мұндай электрондық хабарламаларға, телефон қоңырауларына, СМС-хабарламаларға жауап бермеңіздер және электрондық жолдаудағы сілтемелерге кірмеңіздер.


​Желіде БЖЗҚ қоры атынан жалған ақпарат тарап жатыр

ERNUR.KZ.«БЖЗҚ» зейнетақы қоры атынан белгісіз тұлғалар телефон мен электрондық пошта арқылы жалған ақпарат таратып жатыр. Қор сыйлық ұтысы туралы хабарламаға азаматтардың алданып қалмауын ескертеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Белгісіз біреулер сыйлықты алу үшін сілтемеде көрсетілген өзге ресурстарға кіріп, өзінің банк реквизиттерін жіберуді ұсынуда. Осылайша, зейнетақы қоры салымшыларының жеке деректерін заңсыз иелену әрекеті жасалуда», - делінген қордың баспасөз хабарламасында.

Сондай-ақ, «БЖЗҚ» АҚ барлық салымшыларды қор қандай да бір ұтыстар ұйымдастырумен, жеке мәліметтерді электрондық әдіспен жинаумен айналыспайтыны туралы және өз атынан мұндай іс-әрекет жүргізуге өзге тұлғаларға құзырет бермейтінін ескертеді.

«Өздеріңіздің жеке мәліметтеріңіздің құпиялығын қамтамасыз ету үшін мұндай электрондық хабарламаларға, телефон қоңырауларына, СМС-хабарламаларға жауап бермеңіздер және электрондық жолдаудағы сілтемелерге кірмеңіздер. Олар ірі компаниялардың атын жамылып әрекет етеді. Сыйлықтар мен ұтыстар туралы уәделерге сенбеңіздер. Бұл туралы жақындарыңыз бен таныстарыңызға ескертуді ұмытпаңыздар. Мұндай қоңыраулар мен жолдаулар туралы міндетті түрде БЖЗҚ-ның 1418 байланыс орталығына хабарлаңыздар», - деп мәлім етті қордың баспасөз қызметінен.