Желіде еркекпен танысып, жоғалып кеткен әйел 2 айдан кейін табылды

0
2 048

45 жастағы әйел Қобда ауданынан табылды


Желіде еркекпен танысып, жоғалып кеткен әйел 2 айдан кейін табылды

ERNUR.KZ. Қыркүйек айының соңында белгісіз бағытқа кеткен Ольга Русанова табылды, деп жазады sn.kz.

Іздеу шаралары екі ай бойы жүргізілді. Көрші облыстарға адам жоғалу туралы ақпарат та таратылған.

Іздестіру барысында 45 жастағы әйел Қобда ауданынан табылды. Аман-есен, денсаулығына ешқандай зақым келмеген. Ол сол аймақтағы фермерлік шаруашылыққа аспазшы болып жұмысқа орналасқан екен.

Еске салсақ, Ольга Русанова 27 қыркүйек күні Жилянка ауылындағы үйінен шығып кеткен. Содан кейін келмеген. Ұлы анасының әлеуметтік желіде танысқан белгісіз ер адамның үйіне қонаққа кеткенін айтқан болатын.