Желіде Форт-Шевченко әкімі мас күйінде түсірілген видео тарады

0
626

Форт-Шевченко қаласының әкімі Шалқыбай Әзірбаев Желіде тараған кадрларда "төрт күн демалғанын" айтады.


Желіде Форт-Шевченко әкімі мас күйінде түсірілген видео тарады

Желіде Форт-Шевченко әкімі мас күйінде түсірілген видео тарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Форт-Шевченко қаласының әкімі Шалқыбай Әзірбаев Желіде тараған кадрларда "төрт күн демалғанын" айтады. Шенеунікті оқиға куәгерлері қоршап алған, қасында полицейлер де тұр. Қала басшысы мас күйінде көлікті қандай себеппен басқарғанына түсінік бере алмаған.

Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі InAktau порталына оқиғаға қатысты түсініктеме берді.

"Қызметтік тексеріс жүргізіп жатырмыз, дерек расталса, ол қызметінен босатылады", - деді аймақ басшысының баспасөз қызметіндегілер.