Желіде Карина Мамаштың дипломат күйеуі ұрып-соғып жатқан видео кадрлары пайда болды

0
324

Карина БАҚ мамандарына ұрып-соққан кезіндегі видеоларын жіберген.


Желіде Карина Мамаштың дипломат күйеуі ұрып-соғып жатқан видео кадрлары пайда болды

ERNUR.KZ. Желіде БАӘ елшілігінің бұрынғы кеңесшісі Сәкен Мамаштан тұрмыстық зорлық-зомбылық көрген әйелі Карина Мамаштың соққы алған кадрлары пайда болды, деп жазады stan.kz.

“Оның бұрынғы күйеуі, Instagram-да өткен сәттердің тәтті кезеңдерінің суретін жариялап, жұртшылыққа бақытты кездерін көрсетуде. Одан бөлек, біреу Facebook-те Каринаның бұл өмірді бағаламағаны және бәріне өзі кінәлі екендігі туралы ұзақ пост шығарған. Осылайша барлығы виктимблейм жасау арқылы авторға қолдау жасайды”,- делінген видео астындағы жазбада.

Осыдан соң Карина БАҚ мамандарына ұрып-соққан кезіндегі видеоларын жіберген екен.

Еске салсақ, Осыған дейін Карина Мамаш өзіне зорлық көрсеткен күйеуінің туыстары арызын алуға бопсалап жатқанын айтқан еді.