​Жеңілдетілген декларацияны автоматты түрде алдын ала толтыру енгізіледі

0
125

Елімізде 910 нысандағы жеңілдетілген салық декларациясын алдын ала толтыру сервисін енгізу жоспарланып отыр.


​Жеңілдетілген декларацияны автоматты түрде алдын ала толтыру енгізіледі

Фото: Gov.kz

ERNUR.KZ. Бұл туралы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қашықтан мониторинг басқармасының бөлім басшысы Бектас Әділғалиев айтты, деп жазады inform.kz.
— Қазіргі уақытта екінші деңгейлі банктермен бірлесіп, 910 нысанды алдын ала толтыру бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр. Бұл — салық есептілігінің жеңілдетілген түрі, — деді ол салықтық әкімшілендіру тақырыбындағы конференция барысында.
Сондай-ақ бөлім басшысы дәл осындай сервис ҚҚС бойынша декларацияға (300 нысан) енгізілгенін еске салды.
— Биыл шекті мөлшер төмендетілді, соның нәтижесінде ҚҚС төлеушілер саны айтарлықтай артады. Осыған байланысты біз 300 нысан бойынша алдын ала толтыруды енгіздік, — деп атап өтті Бектас Әділғалиев.
Ведомствоның мәліметінше, 910 және 300 нысандар салық есептілігінің ең көп қолданылатын түрлерінің қатарына жатады.