Қарағанды облысында 200-ге жуық шошқа дала кезіп кетті

0
99

Мәліметке сәйкес, 39 жастағы Scania жүк көлігінің жүргізушісі көлікті басқара алмай қалған.


Қарағанды облысында 200-ге жуық шошқа дала кезіп кетті

Фото: Видеодан скрин/ЖИ
ERNUR.KZ. Қарағанды облысында 193 шошқа тиелген жүк көлігі аударылып, жануарлар даланы кезіп кетті, деп жазады Stan.kz.

Оқиға туралы куәгерлер әлеуметтік желіде жазды. Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, жол апаты 19 қыркүйек күні таңертең Астана – Қарағанды тасжолының 188-шақырымында, Теміртау жол өткелі маңында болған.

Мәліметке сәйкес, 39 жастағы Scania жүк көлігінің жүргізушісі көлікті басқара алмай қалған. Салдарынан жүк көлігі тіркемесімен бірге аударылған. Жүк көлігінде Көкшетаудан Ташкентке тасымалданып бара жатқан 193 шошқа болған. Апаттан кейін жануарлар тіркемеден шығып, далаға қашып кеткен.

Жол апатынан адамдар зардап шеккен жоқ. Полиция оқиға орнында жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қосымша қауіптердің алдын алу шаралары жүріп жатқанын хабарлады.

Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.