Бұл бастама қазақстандықтардың жеке тұрғын үй құрылысын дамытуға үлес қосып, баспананы қолжетімді етуге бағытталған.
иллюстрациялық фото: ашықдереккөзден
Мәжіліс депутаты Айқын Қоңыров елімізде жаңа тұрғын-үй бағдарламасын енгізуді ұсынды. Ол «Жер үй» деп аталады. Парламент өкілінің сөзінше, бұл бастама қазақстандықтардың жеке тұрғын үй құрылысын дамытуға үлес қосып, баспананы қолжетімді етуге бағытталған, деп хабарлайды ERNUR.KZ Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап.
«Тұрғын үй жағдайын жақсарту үшін зейнетақы жинағын пайдалану жобасын жалғастыра отырып, екінші кезеңде қосымша жүйелі шараларды іске қосу маңызды деп санаймыз. Ол жеке топтарға емес, бүкіл қоғамға арналуы керек. Қазақстан Халық партиясы жеке тұрғын үй құрылысын дамытуға бағытталған «Жер үй» бағдарламасын іске қосуды қажет деп санайды. Бағдарлама қажетті құрылыс материалдарының, ілеспе тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің отандық өндірісін дамыту жөніндегі шаралармен сүйемелденуі тиіс», - дейді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты АЙҚЫН ҚОҢЫРОВ.
Депутат сондай-ақ зейнетақының бір бөлігін жеке шаршы метрге бөлу бастамасын сынады. Оның сөзінше, бұл мүмкіндікті елімізде тек 313 мың адам ғана пайдалана алған. 1 триллион 400 миллиард теңге зейнетақы қорынан шығарылғаннан кейін Қазақстанда үй мен құрылыс материалдар бағасы шарықтады, деп қорытындылады сөзін Айқын Қоңыров.