Жердің бәрі қан: Алматы полициясы барахолкада түсірілген видеоға қатысты пікір білдірді

0
2 735

Видео авторы әйел бірге тұратын ер адамға пышақ сұғып алғанын айтқан.


Жердің бәрі қан: Алматы полициясы барахолкада түсірілген видеоға қатысты пікір білдірді

ERNUR.KZ. Алматыдағы барахолкада әйел ер адамды пышақтап тастады, деп жазады tengrinews.kz.

Әлеуметтік желіде Алматыдағы барахолкада полиция көлігі тұрған видео пайда болды. Видео авторы әйел бірге тұратын ер адамға пышақ сұғып алғанын айтқан.

Алматы полициясы мәліметінше, Жетісу аудандық полиция басқармасы ҚР Қылмыстық кодексінің 161-бабы 1-бөлігі "Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру" бойынша соталды тергеу жүргізіп жатыр.

Алдын ала мәлімет бойынша, бірге тұратын әйел мен ер адам арасында тұрмыстық жанжал шыққан. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Басқа мән-жайлар анықталып жатыр.